Бұл дертті біз оқшаулану арқылы ғана жеңе аламыз - Хамитов

4 Шілде 2020, 14:53
1697
Бөлісу:
Бұл дертті біз оқшаулану арқылы ғана жеңе аламыз - Хамитов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл дертті біз оқшаулану арқылы ғана жеңе аламыз, деді "Jas Otan" ЖҚ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ержан Хамитов.

5 шілдеден бастап қайта карантиндік шараларды күшейтіледі. Елімізде вирустың өршіп кетуі, халық арасына індеттің кеңінен таралуы карантин шараларын күшейтуге мәжбүрледі. Бұл карантинді халықтың өзі де күтті. Себебі, той жасап, халық саны көп шоғырланған орындарда адамның жиналуына, аурудың өршуіне тосқауыл қою керек болды, - деді ол. 

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде талай адамның жақындарынан айырылғаны туралы суыт хабар жазылып жатыр. 

Вирус басталғанда менің таныстарымның арасында ешкім ауырған жоқ. "Бұл - өтірік" деген пікірлер болды. Мұндайлар әлі де бар. Бірақ қазір ауырмаған танысың қалмады. Карантинді қатаңдатса, аурудың жайылуы азаяды. Карантиннің енгізілуі халықтың қамы үшін жасалып жатыр. Әр азаматтың міндеті - өзгеге жұқтырмау. Сондықтан да карантин біз үшін қажет. Азаматтар жеке гигиена талаптарын сақтап, өзінің және өзгенің денсаулығы үшін жауапкершілікті түсінуі керек. Бұл дертті біз оқшаулану арқылы ғана жеңе аламыз. Карантин сол үшін де қажет, - деді ол. 

Хамитов айтқандай, иммунитетті көтеру шаралары да аса маңызды болып отыр.

Карантин талаптарын өзіміз де бұлжытпай орындап, туған-туыстың да сақтауын талап ету керек. Себебі, үлкендердің бұл дертке шыдамай жатқанын көріп отырмыз. Оларға деген қамқорлықты арттыруымыз керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы