Біз 10 мыңнан астам баланың сөйлеуін дамытуға жәрдемдестік – әлеуметтік кәсіпкер

12 Тамыз 2021, 12:52
3463
Бөлісу:
Біз 10 мыңнан астам баланың сөйлеуін дамытуға жәрдемдестік – әлеуметтік кәсіпкер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Әлеуметтік кәсіпкер, «Әрекет-2019» жобасының қатысушысы Гүлмира Пармышева айтты.

2019 жылы Гүлмира Пармышева бастаған топ «Белсен» қоғамдық бірлестігі «Kishkentai инклюзивті шеберханасы» жобасын іске қосты, оның аясында балалардың сөйлеуін дамытуға арналған жиынтықтар өндірісі басталды.

Жоба әлеуметтік кәсіпкерлік желісінен басталды және оның бастамашылары үшін пилоттық жоба болды. «Әрекет» грантының арқасында қажетті жабдықтар мен материалдар сатып алынды. Өнімнің Қазақстанда және жақын елдерде баламасы жоқ. «Белсен» ҚБ мамандар мен ата-аналарға ерекше балалардың сөйлеу дағдысын уақытылы түзету мен қалпына келтірудің «кешенді құралын» алғаш рет ұсынды, - деді Пармышева.

Ол атағандай, өнімдер мамандандырылған орталықтарда 5-6 ай ішінде функционалдылық пен сапаға сыналды.

Эко-жиынтықтар АҚШ, Еуропа және Ресейден сертификатталған және гипоаллергенді шикізаттан жасалады. Бүгінгі күні ерекше қажеттіліктері бар 10 мыңнан астам бала (аутистік спектрдің бұзылуы, балалардың церебралды сал ауруы, психо-сөйлеу дамуының тежелуі, сөйлеу дамуының кідіруі, назар тапшылығы мен гиперактивтіліктің бұзылуы) «Kishkentai» эко-жиынтығының арқасында сөйлеп, өз сөйлеу қабілетін дамыта алды. Жоба аясында 1 782 бірлік өнім сатылды. Жинақтарды жасау үшін ментальді бұзылыстары бар және есту қабілеті бұзылған адамдар (2, 3-топтағы мүгедектер) тартылды, яғни жоба мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесін де қатар шешеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы