Биылғы жылы Оңтүстіктен Солтүстікке көшу үшін 2909 квота бөлінді

12 Қаңтар 2024, 00:25
789
Бөлісу:
Биылғы жылы Оңтүстіктен Солтүстікке көшу үшін 2909 квота бөлінді
Фото: baq.kz

Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы аясында биыл Солтүстік Қазақстан облысына 2909 квота бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның 207-сі шетелден келетін қандастарға, қалғаны Қазақстан азаматтарына беріледі. Бұл мақсатқа ел қазынасынан -3,3 миллиард теңге бағытталып отыр. Осылайша биыл еліміз бойынша қоныс аударушылардың көбі солтүстік өңірге көшіріледі деген жоспар бар. Өйткені аймаққа әлі де 7 мыңдай маман жетіспейді. Ал көшіп келген отбасының әр мүшесіне 258 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі. Және баспана сатып алуға сертификат табысталады.

Айта кету қажет күнгейдегі ағайындарды қабылдау үшін облыста 176 елді мекен арнайы таңдалды. Яғни ол жерлерде мектеп, балабақша, медициналық бекет сынды әлеуметтік нысандар бар. Жалпы 2015 жылдан бері еліміздің солтүстігіне өзге өңірлерден 15 мыңнан астам адам қоныс аударған екен.

Солтүстік Қазақстан өздеріңіз білесіздер, отрицательное сальдо миграция дейді, бізден кетіп жатқан азаматтар көп. Сол себепті жұмыс орындары көптеу болғаннан кейін, соған да кісі жетіспей жатыр. Одан басқа жаңа ғимараттар салып жатыр. Емхана болсын, жаңа мектептер салынып жатыр. Соғанда мамандар керек болғаннан кейін, квотаны көбейткені сол себептен, - дейді СҚО бойынша еңбек мобильдігі орталығының директоры Аман Төрегелдин.

Өзгелердің жаңалығы