Ж.Тәшенев университетінің қабылдау комиссиясы шешімімен жоғары балл жинаған талапкерлерге «ТӘШЕНЕВ ТАРТУЫ» білім гранты тағайындалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ғылым және жоғары білім министрлігі білім грантын иеленудің негізгі талаптарын атады. Атап айтқанда:
ҚР Ұлттық тестілеу орталығы өткізген тестті тапсырған және мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан болуы міндетті.
Бірыңғай ұлттық тестілеуден (ҰБТ) бес пәннің жиынтығы бойынша жоғары балл жинауы керек;
Конкурста ауылдық жерлерден қатысушыларға басымдықтар беріледі.
Мектептің 10-11 сыныптарында пәндік олимпиадалар мен түрлі байқауларда республикалық, халықаралық деңгейде жетістігі болып, шығармашылық емтихандар тобына кірмейтін білім беру бағдарламалары бойынша жоғары бағаланған талапкер;
Грант беру туралы шешім арнайы құрылған конкурстық комиссияның шешімімен анықталады.
Бір ескерте кететін жайт егер конкурста бөлінген орындарға үміткерлердің ҰБТ балы тең болса, оның аттестаттағы үлгерімінің ортақ балы ескеріледі.