Биылғы Нобель сыйлығы кімдеге бұйырды

Бөлісу:
Биылғы Нобель сыйлығы кімдеге бұйырды
Фото: aa.com.tr

2024 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы ядролық қарудан азат әлем құруды жақтағаны үшін жапондық Nihon Hidankyo ұйымына берілді.

Бұл Хиросима мен Нагасакидегі (1945) атом бомбалауын бастан өткерген адамдардың қозғалысы ядролық қарусыз әлемді құруға бағытталған күш-жігері үшін және ядролық қаруды ешқашан қайта қолдануға болмайтындығы туралы дәлелдер көрсеткені үшін бейбітшілік сыйлығымен марапатталды,-делінген ұйымдастырушы комитеттің баспасөз хабарламасында.

2024 жылы Нобель сыйлығы табысталғандар:

  • физика саласындағы ғалымдар Джон Хопфилд пен Джеффри Хинтонға ЖИ көмегімен машиналық оқыту ойлап тапқаны үшін;
  • медицина саласында америкалық Виктор Эмброс пен Гэри Равканға микроРНҚ – гендік реттеудің маңызды элементін ашқаны үшін;
  • химия саласында Дэвид Бейкер, Демис Хассабис және Джон М. Джамперге ақуыз құрылымдары бойынша жасаған жұмысы үшін;
  • әдебиет саласында Хан Ганға «тарихи ауыртпалықтар мен адам өмірінің нәзіктігін зерттейтін поэтикалық прозасы үшін» берілді.

 

Өзгелердің жаңалығы