Биылдан бастап білім беру мекемелерінің жанында полиция жасағының саны артады – Мұратәлиев

31 Тамыз 2021, 11:38
8378
Бөлісу:
Биылдан бастап білім беру мекемелерінің жанында полиция жасағының саны артады – Мұратәлиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев «Абайлаңыз - балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасының 1-кезеңі бойынша атқарылған жұмыстар туралы өткен брифингте айтты.

Биыл 1 қыркүйектен бастап білім беру мекемелерінің жандарында полиция жасағының саны артады. Негізгі кезеңде балалармен жұмыс жүргізіледі. «Бірінші сынып оқушыларын жаяу жүргіншіден қауіпсіз өтуге үйрету», «Біз жол қауіпсіздігі үшін» деген сияқты іс-шараның барлық түрін өткізу жоспарлануда. Жаңа оқу жылының басталуымен еліміздің жолдарында балалардың саны артады. Осы орайда жол жүрісіне қатысушылардың барлығын жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және жолда қырағылықты жоғалтпауға шақырамыз, - деді Жандос Мұратәлиев.

Тамыздың 23-нен «Абайла, балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шара басталған. Бүгінгі күні оның 1-кезеңі аяқталды.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында жүргізілген жұмыстар туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев жыл басынан бері 90 бала жол апатынан қаза болғанын айтты.


Өзгелердің жаңалығы