Биыл жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылық 40 пайызға артқан

18 Қазан 2021, 12:21
13839
Бөлісу:
Биыл жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылық 40 пайызға артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ІІМ-нің брифингінде айтты.

Ішкі істер органдарының маңызды міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу. Жыл басынан бері полиция 6 млн-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде 5 млн-нан астамы жол қозғалысы саласында, - деді Түсіпов.

Оның айтуынша, биыл өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға артық бұзушылық жасалған.

Сонымен қатар бүгінгі күні полиция құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде алдын алу шараларын көбірек қолданады. Мысалы, тәртіп бұзушыларға қатысты полиция шығарған жаза қолдану туралы барлық қаулылардың 42%-ы бойынша «ескерту» шығарылады, - деді Серік Түсіпов.

Өзгелердің жаңалығы