Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Дәурен Азаматов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт тіркелмесе де, елді мекендерден тыс 65 га жерде құрғақ шөп өртенген. 40 жағдай ТЖД күшімен сөндірілген. Сонымен қатар, шілдеде Алакөл ауданы, Ақжар Қоңыр ауылдарының арасында орналасқан «Жазылбеков и К» ШҚ аумағында 5 Га ауданда арпа алқабы және 20 Га ауданда қураған шөп өртенген.
Жалпы, маусым басталғалы мобильді жұмыс тобы 513 рет рейдке шығып, түсіндірме жұмысын жүргізген. Сонымен қатар Жетісу облысының облыс аумағында 135 адам қоғамдық бірлестіктерде, аудандық құрылымдарда өртке қарсы қызмет етіп келді.
Халыққа өрт қауіпсіздігінің ережелерін жеткізу тікелей байланыс арқылы да жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы өндірушілерімен 5987 азаматты қамти отырып,312 жиын ұйымдастырылды, 9333 азаматтың қатысуымен 459 нұсқама өткізілді, 767 азаматтың қатысуымен 58 дөңгелек үстел өткізілді. Департаментпен күнделікті рейдтік іс-шаралармен қатар демалыс және мереке күндері жергілікті атқарушы органдарды, орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлерін, волонтерлік ұйымдарды тарта отырып, халықтың демалыс орындарында кең ауқымды акциялар ұйымдастырылмақ, - деді подполковник Дәурен Азаматов.
Брифингте суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік жайлы да айтылды. Маусым басталғалы қызметкерлердің ұйымдастырумен 23900 патрульдеу мен рейд ұйымдастырған. Барысында 23062 дана үгіт-насихат парақашалары таратылған. Түсіндірме жұмыстарына қарамастан, су айдындарында адамдардың қаза болу фактілері орын алып жатыр. Жыл басынан өңірде 2 адам қаза тапқан.