Ауданда 1 маусымнан бастап ыстық су өшіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.
Алтай ауданының әкімдігі жаз бойы ыстық су өшірілетінін ресми түрде мәлімдеді.
Ауданда қазандық жұмысы 1 маусымда тоқтап, 1 қыркүйекке іске қосылады. Бұл уақыт аралығында қазандықта, жылу пункттерінде және жылу желілерінде жоспарланған жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, - дейді қала әкімдігі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Риддер қаласында да жаз бойы ыстық су болмайтыны айтылған еді.