Биыл зейнетақы төлемін алудың жеткілікті мөлшері өзгереді

3 Қаңтар 2022, 12:40
1167
Бөлісу:
Биыл зейнетақы төлемін алудың жеткілікті мөлшері өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың 1 сәуірінен кейін зейнетақы жинағының шекті межесі көтеріледі. Оған дейін қазақстандықтар бұрынғы межеден артылған ақшасын баспана сатып алуға немесе емге жұмсай алады.

3 желтоқсанда Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшері 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күрт өсетіні белгілі болды. Егер 2021 жылы 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, 2022 жылы ол 5 060 000 теңгені құрайды.

Бұл жаңалық қазақстандықтардың ашуына тиді. Өйткені көбі зейнетақы шотындағы жеткілікті шектен асқан ақшасын пайдаланып үлгермеген. Халықтың наразылығынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдады. Мемлекет басшысы үкіметке зейнетақы жинағының шекті межесін көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы