Биыл су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды

2024 жылы Қазақстандағы су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 Желтоқсан 2024 2024, 17:46
АВТОР
 Су ресурстары және ирригация министрлігі 23 Желтоқсан 2024 2024, 17:46
23 Желтоқсан 2024 2024, 17:46
625
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

2024 жылы Қазақстандағы су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның 12 млрд текше метрден астамы тасқын су.

Каспий теңізіне 17 млрд текше метр, Балқаш көліне 15,4 млрд текше метр және Солтүстік Аралға 2,5 млрд текше метр су жіберілді.

Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толып, 18 млрд текше метрден астам су жинады.

Жыл басынан бері Қызылорда облысының көлдер жүйесіне 4,7 млрд текше метрден астам, Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су жіберілді.

Алғаш рет Ұлытау облысынан Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдер жүйесіне 839 млн текше метр су келді.

Наверх