Биыл Шымкентте 9 шағын аудан сапалы ауызсумен қамтылады

12 Тамыз 2021, 21:23
3707
Бөлісу:
Биыл Шымкентте 9 шағын аудан сапалы ауызсумен қамтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының Солтүстік Батыс бөлігінде орналасқан елді мекендерді ауызсумен қамту мақсатында үш магистралды су құбырының құрылысы жүргізіліп жатыр деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы жұмыстардың сапалы жүргізілуін бақылау мақсатында қала әкімінің тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру туралы берген тапсырмасы негізінде бүгін Шымкент қаласы Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков құрылыс нысанын аралады.

Биыл Шымкентте 9 шағын аудан сапалы ауызсумен қамтылады

Жалпы ұзындығы 11,37 шақырымды құрайтын «Көмешбұлақ» нысанының құрылысы 2020 жылы басталған болатын. Қазіргі уақытта 8,3 шақырым құбыр орнатылып, құрылыс жұмыстарының 75 пайызы аяқталды. Нысан құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. 

Сонымен қатар ұзындығы 13,6 және 11,76 шақырымды құрайтын ауызсу құбырларының құрылысы да биыл аяқталып, жыл соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Бұл магистралды су құбырының құрылысы аяқталса, Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алаптары толыққанды сапалы ауызсумен қамтамасыз етілетін болады.

Биыл Шымкентте 9 шағын аудан сапалы ауызсумен қамтылады

Қазіргі уақытты 14 нысанның, яғни 3 магистралды суаққы мен 11 ішкі орамдық жүйе құрылысы жүргізіліп жатыр. 

Ал бұл жылы барлығы 9 елді мекенде құрылыс жұмысы аяқталып, Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас, Жаңаталап және Сәуле шағын аудандары сапалы ауызсумен қамтылады.


Өзгелердің жаңалығы