Биыл Шымкентте 67 тұрғын үй пайдалануға берілді

4 Маусым 2023, 04:50
849
Бөлісу:
Биыл Шымкентте 67 тұрғын үй пайдалануға берілді
Фото: inbusiness.kz

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 67 үйдің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілмек. Қазір Бозарық ауданында бірқатар нысанға инфрақұрылым жүйелері кіргізіліп, әрлеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкентте 1 бөлмелі пәтер 6 млн. теңге шамасында сатылады. Сонымен қатар әкімдік маңында орналасқан су жаңа нысанда 2-3 бөлмелі баспаналар да ел игілігіне берілуге сақадай сай тұр. 

Соңғы жылдары құрылыс саласында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Оның бірден бір дәлелі 2020 жылы пайдалуға берілген үй саны осыдан 2 есе төмен болған еді. Атап айтқанда 2020 жылы 650 мың шаршы метр үй тапсырылға, 2022 жылдың қорытындысына сәйкес бұл көрсеткіш 1 млн 60 мың шаршы метрге өсіп отыр, - дейді Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетов.

Сонымен қатар, Бозарық шағын ауданында мемлекеттік бағдарлама негізінде 5 қабатты тұрғын үй салынып жатыр. Биыл жыл соңына дейін 3 мыңнан аса пәтер кілтін тұрғындарға табыс ету жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.

Өзгелердің жаңалығы