Биыл қуаңшылық келсе министрлік не істейді? – АШМ жауап берді

17 Мамыр 2022, 11:55
1559
Бөлісу:
Биыл қуаңшылық келсе министрлік не істейді? – АШМ жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет кулуарында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев былтыр болған қуаңшылық қайталанбай ма деген сұраққа жауап берді.

Қазір Маңғыстау өңіріндегі жағдай жақсарып келеді. Өздеріңіз білетіндей, жуырда облыста жаңбыр жауған болатын. Әлі де ахуалы жақсарады деп күтудеміз. Оған қарамастан біз жүйелі түрде Маңғыстауды мал азығымен қамтамасыз етуді тоқтатқан жоқпыз. Былтырғы тәжірибемізге сүйене отырып, біз мүмкіншілігі бар өңірлердің шаруашылығын басқа облыстарға көшіру мен сол өңірлердің әкімдіктерімен келісіп, жайылымдық жерлерімен қамтамасыз етуді жалғастырамыз, - деді Ербол Қарашөкеев.  

Ведомства басшысының сөзінше, қуаңшылық келген жағдайда табиғи қорғалып жатқан жерлердің жартысы пайдаланылады.  

Ол жерден мал азығына шөп шабу мүмкіншлігі қарастырылмақ. Сонымен бірге былтыр жазда АО «Қазақстан Темiр Жолы» министрлікке мал азығын тасымалдау үшін 75 пайыз жеңілдік берген болатын. Біз бұл тәжірибені жылдың аяғына дейін созуды ұсынып жатырымыз. Қазір Маңғыстаудың әр ауданының әкімдерімен тығыз байланыстамыз. Әрбір аудан өзінің деңгейінде қажетті жоспарын дайындауы керек. Биыл бәрі бақылдауда. Жылдағы іс-қимыл жоспарын дайындап отырмыз, - деді Ауыл шаруашылғы министрі. 

Өзгелердің жаңалығы