Бұл туралы Қазақстан үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы кездесуде Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бектенов Ресей мен Қазақстан арасында мәдени-гуманитарлық салаларда мазмұнды іс-шаралар көбейіп жатқанын айтты.
Елдерімізде мәдени күндердің өзара өткізілуі маңызды оқиға болды. "Орыс маусымдары" мәдени жобасы мен "Үлкен гастрольдер" бағдарламасы сәтті жүзеге асырылды. Соңғы уақыттағы айтулы іс-шаралар қатарында Қазанда қазақ поэзиясының классигі Абай Құнанбайұлының бюстінің ашылуын және Мәскеудегі Үлкен театрда "Абай" операсының қойылымын атап өтуге болады, - дейді Олжас Абайұлы.
Бұған дейін белгілі болғандай, Қазақстан мен Ресей сауда көлемін 30 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр. Үкімет басшысы Олжас Бектенов екі ел арасында инвестиция және сауда байланысы тереңдей түсетінін айтты.