Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚР Төтенше жағдайлар министрінің халық алдында есеп беруі кезінде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.
Ильин айтқандай, Нұр-Сұлтан, Жаңатас және Түркістан облысында 2-ден 5-ке дейін бала көз жұмды.Жылыту кезеңінде балалар өлімі ерекше алаңдаушылық туғызады. Қабылданған карантин шараларына, атап айтқанда балабақшалар мен мектеп мекемелерінің қызметін шектеуге байланысты балалардың негізгі үлесі үйде және көбінесе ересектердің қарауынсыз болады. Биыл балалар өлімінің қайғылы оқиғалары бірқатар қалада тіркелді, - деді министр.
Барлық жағдайда аталған отбасылар әлеуметтік осал санатына жатпады. Биыл өрттен 29 бала қаза тапты. Оның 13-і ересектердің қарауынсыз болған. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырамын. Өскелең ұрпақты қорғауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық қозғалыстардың, үкіметтік емес ұйымдардың назарын аударғым келеді, көпбалалы отбасылар үшін балалардың бос уақытын ұйымдастыруға назар аударуды сұраймын, - деді ол.