"Қазгидромет" РМК агрометеорологиялық болжау басқармасының басшысы Қамар Салиева еліміздің оңтүстігінде қуаңшылық болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Солтүстік өңірлерде күз және қыс бойы жиналған ылғал қоры жеткілікті. Дегенмен маусымдық болжамға сәйкес, шілде мен тамызда ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деген болжам бар. Сондықтан жекелеген облыстарда, яғни оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қуаңшылық болуы мүмкін, - деді Салиева "Қазгидромет" орталығында өткен баспасөз мәслихатында.
Алайда, спикер бұл болжам әлі де нақтыланатынын айтады.
Бізде қуаңшылық болжамы бір айға жасалады. 23 сәуірде тағы болжамды нақтылаймыз. Деректер "Қазгидрометтің" ресми сайтында жарияланады. Қазіргі болжамға сәйкес, жауын-шашын мөлшері маусымда оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде төмен деп болжап отырмыз, - деді агрометеорологиялық болжау басқармасының басшысы.
Бұған дейін елімізде су тасқынының тағы бір кезеңі болуы мүмкін екенін жазған едік.