Биыл NU қандай мамандарды дайындап шығарды

7 Маусым 2024, 17:10
392
Бөлісу:
Биыл NU қандай мамандарды дайындап шығарды
PHOTO
Фото: NU

Бүгін елордамызда орналасқан Nazarbayev University (NU) 10-шы түлектер легіне салтанатты түрде диплом табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл NU қандай мамандарды дайындап шығарды

Университетте биыл 1 500-ден астам адам, оның ішінде 54 шетелдік студент диплом алды.

Биыл NU қандай мамандарды дайындап шығарды

Өздеріңіз білетіндей, NU жақында Times Higher Education (THE) әлемдік рейтингінде үздік 30%-ға кірді. Дайындық мектебі, Жоғары Мемлекеттік саясат және бизнес мектептері, Медицина мектебіакадемиялық бағдарламалары аккредитация алып, сондай-ақ Инженерия және цифрлық ғылымдар, Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектептері,математика, физика, химия және биология салалары бойынша бағалау сатысында тұрмыз. Біз Еуропалық университеттер қауымдастығының оң бағасын алдық. Әрі қарай әлемдегі ең мықты университеттермен тең дәрежеде серіктес болуға тырысамыз, - деп айтты NU президентінің м.а. доктор Илесанми Адесида диплом табыстау рәсімінің ашылуында сөйлеген сөзінде.

Диплом алған 1 507 студенттің 1 038-і бакалавр, 408-і магистр, 42-сі PhD және 19-ы медицина докторы. Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі (565 түлек) және Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі (582 адам) ең көп маман дайындады. Медицина мектебін биыл 139 студент, Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебін 57 адам бітірді. Жоғары Бизнес, Білім беру және Мемлекеттік саясат мектептері 164 маман дайындады.

Биыл NU қандай мамандарды дайындап шығарды

Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов университеттің негізгі миссиясы сапалы мамандарды даярлау екенін атап өтті.

Биыл NU қандай мамандарды дайындап шығарды

Университеттің миссиясы - қазақ қоғамының барлық саласында және одан тыс жерлерде мемлекеттік саясат пен бизнестен бастап, білім мен ғылымға дейін өзгерістердің басында тұратын біліктілігі жоғары мамандарды даярлау,  - деп атап өтті Аймағамбетов. 

Айта кету керек, NU-ды бітіргеннен кейін 10 бакалаврдың төртеуі Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында, соның ішінде NU-да немесе шетелде оқуын жалғастыруып жатыр. Олардың білімі Колумбия, Гарвард университеттерінде, Массачусетс технологиялық институтында, Сингапур ұлттық университетінде, Сеул ұлттық университетінде, Король Абдалла атындағы Ғылым және технологиялар университетінде, Мұхаммед бен Заид атындағы Жасанды интеллект университетінде және т.б. білім ордаларында жоғары бағалануда, бұл NU беретін білім сапасы мен оның жоғары беделінің бірден-бір дәлелі.

Биыл NU қандай мамандарды дайындап шығарды

Сынға және кейбір жеке пікірлерге қарамастан, NU – елдің негізгі зерттеу университеттерінің бірі. Елдегі инновациялық зерттеулер мен жоғары білімге жетекшілік ете отырып, ол сіздер сияқты талантты көшбасшыларды тәрбиелейді. Мен өз сөзімді NU оқытушылары мен басшылығына, ғылыми инфрақұрылымға, сіздердің адалдықтарыңыз бен еңбекқорлығыңызға алғыс айтудан бастадым. NU әлемдегі ең үздік 100-ге жуық жас университеттің және Азиядағы үздік ЖОО-лардың 11%-ы қатарына кірді және, әрине, Қазақстандағы №1 зерттеу университеті болып отыр, - деп айтты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Салтанатты бөлім бітірушінің арнайы бас киімін лақтырумен және профессор-оқытушылар құрамымен бірге суретке түсумен аяқталды.

Эльнура Бисенғали

Өзгелердің жаңалығы