Биыл Қызылорда облысында «Қарапайым заттар экономикасымен» 10 жоба қаржыландырылды

7 Мамыр 2021, 02:22
1467
Бөлісу:
Биыл Қызылорда облысында «Қарапайым заттар экономикасымен» 10 жоба қаржыландырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қызылорда өңірінде «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 300 млн теңгені құрайтын 10 жоба қолдау тапты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Тағы 2,3 млрд теңге болатын 9 жоба қаржы институттарының қарауында. Жалпы бағдарлама қолға алынғаннан бері облыста 8,6 млрд теңгені құрайтын 119 жоба қаржыландырылды.

Осы жобаларды іске асыру арқылы бетон құбырлары, жем-шөп өнімдері, ұзақ уақыт сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісін құру, жиһаз өнімдерінің ассортиментін кеңейту күтілуде, – деді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев.

Сонымен қатар, облыста индустрияландыру бағдарламасы аясында құны 542,9 млрд теңгені құрайтын 41 жоба жүзеге асырылуда. Бұның ішінде биыл 48,5 млрд теңгені құрайтын 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Атап айтсақ, шыны зауыты, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ жасау өндірісі, құс фабрикасы және ас тұзы өндірісі.


Өзгелердің жаңалығы