Биыл контейнерлік транзиттік тасымалдау 530 мың TEU-ді құрады – Тайжанов

26 Шілде 2021, 12:50
2673
Бөлісу:
Биыл контейнерлік транзиттік тасымалдау 530 мың TEU-ді құрады – Тайжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да контейнерлік транзиттік тасымалдарды дамыту туралы өткен брифингте ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов айтты.

Пандемия енгізген өзгерістерге байланысты «есіктен есікке дейін» жүк тасымалын ұйымдастыру басымдыққа енді. Сонымен, 2020 дағдарыс жылы транзиттік тасымалдағы контейнерлік тасымал 876 мың TEU құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 32% -ға артты.Жалпы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша контейнерлі жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау 36% артты.Барлық трафикті ескере отырып, контейнерлік трафиктің көлемі 801 мыңнан астам TEU құрады.Оның ішінде транзиттік контейнер тасымалы 44% өсіммен 530 мыңнан астам TEU құрады. Биылдың соңына дейін

Тайжанов атағандай, 2025 жылға дейін аталған көрсеткішті 1 млн 666 мың ЖФЭ-ге жеткізу жоспарланып отыр.

Қазақстанда 8 мыңға жуық фитингтік платформа бар. Министрлік вагон парктерін жаңартуға ынталандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мемлекеттік қолдау аясында 5 мың жүк вагонын, оның ішінде 3 мың фитингтік платформа алынды. Олар контейнер тасымалына бағытталған.Бұл жұмысты «Мықты аймақтар - экономика драйвері» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін жалғастыру жоспарлануда, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы