Биыл колледждерге қазынадан 50 мың орынға қаржы бөлінді

11 Қыркүйек 2023, 19:29
933
Бөлісу:
Биыл колледждерге қазынадан 50 мың орынға қаржы бөлінді
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Алдағы екі жылда елдегі 9-сыныптан кейін білім алушылар толықтай қажетті мамандықтарда оқитын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Ақзира Қасымова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2025 жылы 9-сыныптан кейінгі білім алушыларды 100% қажетті мамандықтармен даярлау көзделген. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 80% құрайды. Былтырдан бастап республикалық бюджеттен жергілікті жерлерге орындарға қаржы бөлініп отыр. 2022 жылы 45 мың орын берілсе, биыл ол 50 мың орынға жетті, - деді Ақзира Қасымова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Серік Жартыбаев кімдердің үздік шетелдік компанияға жұмысқа тұру мүмкіндігі жоғары екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы