Биыл көкөніс бағасы көтерілуі мүмкін бе? – Министр жауап берді

4 Сәуір 2022, 15:46
1547
Бөлісу:
Биыл көкөніс бағасы көтерілуі мүмкін бе? – Министр жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Мәжілістің кулуарында «Көкөніс бағасы көтерілуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.

Маусымдық фактор әсер етуі мүмкін. Статистикаға көз жүгіртсеңіз, бірқатар тауар, мысалы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша инфляция 12 пайызды құрады. Оған былтырдан бергі тұрақтандыру қорына жинаған қорымыз таусылып, жаңа өнім келетін маусымаралық кезең таяп қалғаны себеп, - дейді министр.

Министр жақын арада сауда нарығына қырыққабат пен Өзбекстанның картоптары келетінін айтты. Сөзінше, елімізде ішкі қажеттілікті өтеу үшін негізгі азық-түлік қорлары жеткілікті.

Сол себепті ешқандай дүрбелең болмауы керек. Биыл қияр мен қызанақ бойынша жағдай керісінше, себебі арзан өнім келіп жатыр. Жақында Түркістан облысында болдым, жылыжай қызметкерлерімен кездестім. Олардың сөзінше, Өзбекстан мен Түркіменстаннан арзан өнім көп келеді, - деп айтты Ербол Қарашөкеев.

Өзгелердің жаңалығы