Биыл интернет алаяқтар адамдарды 7 млрд теңгеге алдап соққан

15 Тамыз 2022, 11:12
1114
Бөлісу:
Биыл интернет алаяқтар адамдарды 7 млрд теңгеге алдап соққан

Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жыл басынан бері елімізде 12 мыңға жуық интернет-алаяқтық тіркелді. Қылмыскерлердің кесірінен 7 млрд теңге шығын келтірілді. 571 интернет-алаяқ ұсталып, 17 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Интернет-алаяқтықтың ең көп тіркелуі Нұр-Сұлтан (2295), Алматы (1486) қалалары мен Қарағанды облысында (1150) байқалады.ІІМ интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін ескертулер сипатындағы SMS-тер жіберуді бастады, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Ол атағандай, SMS арқылы алаяқтық туралы халықты бірыңғай хабардар ету туралы 4 тамызда Ішкі істер министрінің Цифрлық даму министрлігінің өкілдерімен және байланыс операторларымен кездесуінде айтылған болатын. 

Мобильді байланыс Қазақстанның әрбір тұрғынына тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан қолжетімді болғандықтан, SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы ақпарат беру азаматтарды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Kcell қолданушыларына ескертпе SMS-тер жіберілді. Тарату жүйесінің шектеулеріне байланысты SMS мәтіндеріндегі таңбалар саны шектеулі. Сондықтан хабарлама мәтіні қысқартылған. Ішкі істер министрлігі барша азаматтарды сақ болуға шақырады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы