Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз дәстүрлі брифинг барысында айтты.
Ораз айтқандай, ұйымдасқан қылмыстық есірткі топтарының 3 көшбасшысы мен 30 қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.Ішкі істер министрлігінің негізгі күш-жігері есірткіні жеткізушілермен және сатушылармен күресуге, олардың таралу арналарын жабу және ірі есірткі сатушыларды әшкерелеуге бағытталған. Жыл басынан бері ІІМ 3,5 мың есірткі қылмысын, оның ішінде 758 өткізу фактісін анықтады. Соның ішінде 2 тоннаға жуық есірткі тәркіленді, оның ішінде 41 килограммы синтетика, - деді Нұрділда Ораз.
Есірткі тарататын 740 сайт бұғатталып, 10 есірткі зертханасы жойылды. Профилактикалық сипаттағы шаралар кешені маңызды бағыт болып саналады. Оқу орындарында есірткіге бейім топқа кіретін жасөспірімдерді ерте анықтаудың және олармен жұмыс істеудің заманауи әдістері енгізілуде. Қазір біз нашақорлықтың бастапқы алдын алу мәселелері бойынша 60-тан астам ҮЕҰ-мен белсенді ынтымақтастықта жұмыс жасаймыз, - деді ол.