Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12-13 қаңтарда Мехико қаласында жылдағы дәстүрмен Мексика басшысы Марсело Эбраорда дипломатиялық корпуспен кездесу өткізді. Өз сөзінде Марсело Эбраорда биылғы міндеттер туралы ресми түрде хабарлап, 2023 жылы Мексика бес жаңа елшілігін, соның ішінде Қазақстаннан ашатынын айтты, - деп атап өтті Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.
Белгілі болғандай, еліміз мексикалық елшіліктің ашылуын құптайды және Астанада Мексика елшілігінің ашылуына қажетті көмекті жеткізуге дайын.
Еске сала кетейік, Қазақстан Мексикамен дипломатиялық қарым-қатынасты 1992 жылы орнатқан болатын. 2014 жылы еліміз Мексикада өз елшілігін ашты.