Биыл елімізде 873 үй жануары пойыз астына түсті

13 Қазан 2023, 21:22
877
Бөлісу:
Биыл елімізде 873 үй жануары пойыз астына түсті
Фото: polisia.kz

Осы жылдың 9 айында жалпы еліміздің темір жолында 873 рет үй жануарларын басып кету фактісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде 480 бас жылқы, 240 бас ірі қара мал, 79 ұсақ мал. Поездардың үй жануарларын қағып кетудің негізгі себептері – мал иелері тарапынан жіті бақылаудың болмауынан.

Сондай-ақ, жергілікті атқару органдары тарапынан тиісті жұмыстардың жүргізілмеуінің салдары мемлекетті үлкен шығындарға және пойыздар кестесінің өзгеруіне әкеп соғатынын айта кеткен жөн.

Мәселен, 11 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының Уголки – Саумалкөл аралығында жүк пойызының машинисі темір жолдарда ұсақ малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды.

Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, нәтижесінде 20 ұсақ мал пойыз астына түсті. Пойыздың жоспарланбаған тұрағы 34 минутты құрады. 

Тексеру барысында үй жануарларының иесі болып табылатын Солтүстік Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғыны анықталды.

Құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 559- бабы 1-бөлігімен (Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шұғыл тежеуді қолдану кезінде туындаған жоғарыдағы мәселелерден бөлек, локомотив бригадалары мен жолаушылардың өміріне қауіп төніп, жарақат алулары мүмкін.

Осыған орай, көлік полицейлері ауыл шаруашылығы жануарларының иелері темір жол бойында мал жаюға жол бермеуі, оларды қараусыз қалдырмауы тиіс екенін тағы да еске салады.

Құқық бұзушылық орын алған жағдайда ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Айта кетейік, аталған құқық бұзушылық жасағыны үшін жыл басынан бері 975 азамат жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы