Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері елімізде орман өрті салдарынан мемлекетке 4 жарым млрд теңге шығын келді. Бұл туралы «Қазәуеорманқорғау» мекемесі хабарлады.
Орман және жануарлар әлемін қорғау мәселесі бүгін Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының 17-ші форумы аясында көтерілді.
Мекеме басшылығының мәліметі бойынша, қаңтар-қыркүйек аралығында елде 691 орман өрті тіркелді. Қызыл жалын шарпыған аумақ 146 мың гектарды құрады. Өрттің 4 пайызы адамдардың немқұрайлығы салдарынан тұтанған. 40 жағдайдың себебі әлі анықталмады.
Айта кетейік, Қазақстанның орман қоры 30 млн гектарға жетеді.