Биыл әйелдерге бизнес ашу үшін 16 грант бөлінеді – Айсина

24 Тамыз 2021, 13:05
2262
Бөлісу:
Биыл  әйелдерге  бизнес ашу үшін 16  грант бөлінеді – Айсина

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ауыл әйелдерін қолдау жөніндегі кешенді әлеуметтік бағдарлама туралы өткен брифингте айтты.

«Жасыл экономик» және G-Global-ды дамыту коалициясы «Әлеуметтік динамика» қорымен бірлесіп, 2013 жылдан бастап ауыл әйелдерін оқыту арқылы қолдау жөніндегі әлеуметтік жобаны іске асырып жатыр. Бүгінде бүкіл Қазақстан бойынша 35 000-нан астам әйел оқытылды. Жыл сайын үздік бизнес идеяға конкурс өткізіледі, оның қорытындысы бойынша 81 әйел грант алды. Биыл 16 әйел өз бизнесін ашу үшін грант алады, - деді Майра Айсина.

Ол атап өткендей, 2020 жылы «жеке қосалқы шаруашылық» онлайн-мектебі іске қосылды.

Платформа ең аз инвестициялары мен жоғары рентабельділігі бар ауылда өз бизнесін құру бойынша 13 бірнеше бизнес курс ұсынады. Әрбір бизнес курс бірнеше модульден тұрады және мынадай материалдарды қамтиды: бейне сабақ (бейнеролик), қысқа дәрістер (тезистер), жиі қойылатын сұрақтар, тест тапсырмалары. Жоба аясында 3 500-ден астам әйел оқудан өтті, - деді ол.

Айта кетейік, 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, «Coca-Cola» халықаралық қорының қолдауымен ауыл әйелдерінің облыстық және республикалық форумдары өткізіліп, онда 5 000-ға жуық қатысушы қамтылып, 100 тақырыптық сессия мен тренинг өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы