Биыл әйел кәсіпкерлігін қолдайтын 3 орталық ашылады – вице-министр

5 Қараша 2021, 15:24
903
Бөлісу:
Биыл әйел кәсіпкерлігін қолдайтын 3 орталық ашылады – вице-министр
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның ауыл әйелдерінің IV республикалық форумында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты.

Қазақстан экономикасының дамуына өз үлесін қосқаны үшін әйелдерге алғысын айтамын. Әйелдер кәсіпкерлігі дамыту шағын және орта бизнес үшін маңызды.2002 жылдан бастап әйел кәсіпкерлерге қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары көрсетілді. Осы жылдар арылығында 10 мыңнан аса әйел білім алып, жеңілдікпен кредит алды. Нәтижесінде олар кәсібін ашты. Әйелдер арасындағы кәсіпкерліктің дамып жатқанын шағын және орта бизнесте олардың үлесін басым екенінен байқауға болады. Ресми статистикаға тоқталсақ, 2010 жылы елде 73 мың әйел кәсіпкер болған, бұл елдегі кәсіпкерлердің жалпы 26%-ын құрайды, - деді ол.

Жақсылықов атағандай, 2021 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сүйенсек, Қазақстанда 587 мың әйел кәсіпкер еңбек етіп жүр, бұл кәсіпкерлердің – 43%.

Көтерме бөлшек сауда, жылжымайтын мүлік операциялары, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету саласында әйелдердің үлесі 50%-дан жоғары. Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігіне тоқталайын. Мұнда олар көбінесе ауыл шаруашылығы өнімерін сақтау, ветеринарлық қызмет көрсету, киім тігу, трикотаж өнімерін шығару және тағы басқа салада тер төгіп жүр. Біз ауылдағы кәсіпкер әйелдердің ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, бизнесте батыл шешім қабылдай алатынын білеміз. Сіздердің кәсіпкерлік белсенділіктеріңіз облыс, аудан, ауылда ғана емес, тұтас елдің экономикалық өсіміне ықпалын тигізеді, - деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, 2017 жылдан «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдағы кәсіпкер әйелдерге 17 мыңнан аса кредит берілді, бұл барлық берілген заемның 32%.
Биыл 1 қазандағы мәліметке сәйкес, "Бизнестік жол картасы" бағдарламасы шеңберінде 37 мыңнан аса шағы кәсіпкерлік субъектісіне субсидия берілді, оның шамамен 5 мың жобасын ауылдағы кәсіпкер әйелдер жүзеге асырып жатыр, бұл аталған бағыт бойынша қаржылық қолдау алғандардың 13%. Кепілдік беру құралы бойынша 287млрд теңгеге 25 мыңнан аса кепілдік берілді. Оның 2 мыңнан аса жобасын ауылдағы әйел кәсіпкерлер басқарды. Сонымен қатар "Нұр-Отан" партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, елде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығын құру көзделген. 2021 жылғы 3 наурызда елде әйелдер кәсікерлігін дамыту мақсатында Ұлттық экономика министрлігі, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Президент жанындағы әйелдер ісі бойынша және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия меморандумға қол қойылды.Осылайша, орталық кәсіпкер әйелдерді қолдайтын алаңға айналады. Мұнда олар бірқатар қызмет түрін ала алады. Биыл 3 орталық ашылады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы