Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2022 жылы даму әлеуеті бар 492 ауылда 914 жобаны іске асыруға 100 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндады.
2022 жылы даму әлеуеті бар 492 ауылда 914 жобаны іске асыруға 100 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 95 жобаны, 313 әлеуметтік инфрақұрылымды, оның ішінде 123 білім беру жобасын, 51 денсаулық, 62 мәдениет және 77 спорт жобасын іске асыруға мүмкіндік береді, - деп айтты Қуантыров.
Сонымен қатар 506 көлік инфрақұрылымы жобасы жүргізіледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауыл – Ел бесігі» батыс және оңтүстік облыстарға халықты әлеуметтік-мәдени, спорт және білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін 20 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланып отыр. Бөлінетін қаражат – мектептер, ауруханалар, мәдениет үйлері, спорт нысандарын салу, қайта жаңғырту және жөндеу бойынша жобалар таңдалды. Қаражат бөлу мәселесі 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау аясында Мәжілісте қаралып қазіргі уақытта Парламенттің қарауында, - деп түсіндірді Ұлттық экономика министрі.
Оның сөзінше, инфрақұрылымдық даму жөніндегі іс-шараларды іске асыру Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта, Өңірлік стандарттарда ауылдар үшін 12 көрсеткіш (объектілер/қызметтер) қарастырылған, ауылдық округтер орталықтарына - 24, аудан орталықтарына – 32. 2021 жылдың қорытындысы бойынша өңірлік нормативтерге сәйкес ауылдарды стандарттардың орташа қамтамасыз ету 64,1%. Оның ең жоғары көрсеткіші Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Төмен көрсеткіштер Қызылорда, БҚО, Алматы облысында байқалады, - дейді ол.
Айтуынша, жобаны жүзеге асырудың үш жылы ішінде 206 млрд теңге бөлінді. Алдағы 4 жылда ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге тағы 670 млрд теңге қажет етіледі. Бұл 3,5 мыңнан астам ауылдағы 7 млн ауыл тұрғынының өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.