Биыл ауыл шаруашылығында 250-ге жуық ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Бөлісу:
Биыл ауыл шаруашылығында 250-ге жуық ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Фото: BAQ.KZ архив

Агросалаға қарқын беруі тиіс жаңа жобаларға 500 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалмақшы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылдың қорытындысы бойынша республикада 279,6 млрд теңгені құрайтын 286 жоба іске қосылған еді. Оның ішінде:

  • мал шаруашылығы бойынша 132,9 млрд теңгеге 92 жоба;
  • өсімдік шаруашылығы бойынша 84,6 млрд теңгеге 111 жоба;
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 43,4 млрд теңгеге 52 жоба;
  • ет-жұмыртқа секторындағы құс фабрикаларына 8,6 млрд теңгеге 11 жоба;
  • 20 жоба басқа салаларда, олардың жалпы сомасы 10,1 млрд теңгені құраған болатын.

Ал биыл агросаладағы жобаларға жоспарланған қаражат көлемі едәуір артып отыр.

Биыл 539,3 млрд теңгені құрайтын 248 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша - 181,6 млрд теңгеге 88 жоба, өсімдік шаруашылығына - 186,1 млрд теңгеге 95 жоба, қайта өңдеу саласына - 112,1 млрд теңгеге 49 жоба, құс шаруашылығы бойынша 56,5 млрд теңгеге 11 жоба және басқа салаларда жалпы сомасы 3 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылады, - дейді АШМ Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаменті директорының орынбасары Нұрлан Серікжан.

Өзгелердің жаңалығы