Биыл ауқымды су тасқыны болуы мүмкін – министр

28 Ақпан 2023, 10:29
928
Бөлісу:
Биыл ауқымды су тасқыны болуы мүмкін – министр
Фото: stan.kz

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин елімізде су тасқынын алдын алу үшін қандай жұмыстар істелгенін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Осы жылы екі айда 15,1 км уақытша бөген салынды, 24 км-ға жуығы жөнделді, 16 км-ден астам уақытша бөген, сондай-ақ елді мекендердің айналасында 41 км білік тұрғызылды. 5 мың км-ға жуық  каналдар мен арықтар, автомобильдер және темір жолдар астында 8,5 мыңнан астам су өткізу құрылыстары тазартылды, – деді Юрий Ильин.

Министр халықпен 2 мыңнан астам жиын өткізілді, 55 мыңнан астам ұсыным таратылғанын атап өтті.

Биыл су тасқыны қардың көп болуына және топырақты қабатының қатты тоңазуына байланысты ауқымды болатын түрі бар. Өңірлерде Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың 114, оның ішінде 31 жоспардан тыс отырысы өткізілді, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы