Биыл астық қай өңірде мол жиналды

23 Қазан 2024, 08:53
411
Бөлісу:
Биыл астық қай өңірде мол жиналды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров республика бойынша дәнді дақылдарды жинау жұмысы аяқталғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының биылғы жылғы жалпы егістік алқабы 23,3 млн гектар, оның ішінде 16,7 млн гектар – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. 

Күзгі қолайлы ауа райы жағдайлары, жинау кезінде жауын-шашынға қарамастан, егін жинау науқанын елеулі шығынсыз жүргізуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде, бүгінгі таңда республика бойынша дәнді дақылдарды жинау аяқталып, дәнге арналған жүгеріні жинау жалғасуда, – деді Сапаров Үкімет отырысында.

Министрдің мәлімдеуінше, елімізде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 99,7%-ы жиналды. Бүгінгі таңда орташа өнімділігі 16 ц/га , 26,5 млн тонна астық бастырылды.

Өткен жылы орташа өнімділік 10,3 ц/га болды. Жоғары өнімділікке қолайлы ауа райы жағдайлары мен агротехнологияларды дұрыс қолдану, яғни сапалы тұқымдарды пайдалану, минералды тыңайтқыштарды енгізу және өсімдіктерді тиімді қорғау арқылы қол жеткізілді. Оңтүстік өңірлерде, атап айтқанда, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жоғары өнімділік көрсеткіштері байқалады. Ал негізгі астық егетін өңірлер арасында ең жоғары өнімділік Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді, мұнда орташа өнімділік - 18,6 ц/га. Ақмола облысында – 14,1 ц/га, ал Қостанай облысында – 14 ц/га болды, – деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Өзгелердің жаңалығы