Биыл Астананы дамытуға бұрын-соңды болмаған қаражат бөлініп отыр – депутат

Бөлісу:
Биыл Астананы дамытуға бұрын-соңды болмаған қаражат бөлініп отыр – депутат
Фото: BAQ.KZ

Қаланы тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жайлы ету үшін биыл 1 триллионнан астам теңге қарастырылған екен. Елорда қалай өзгереді? Тұрғындар үшін қандай жаңалық болады? Бұл туралы Астана қалалық мәслихатының депутаты Адамбек Кендебай айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Халық қалаулысының "Мінбер" жобасына берген сұхбатында көптеген сүйінші жаңалық бар. Депутат, әсіресе, Астананы газдандыру, ауыз судың сапасын арттыру мен білім беру нысандарының құрылысы жөнінде біраз ақпарат беріп өтті. 

Тағы бір жаңалық – алдағы уақытта елордадағы ақылы автотұрақтардың жұмысы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Қалалық мәслихат депутаттары осы мәселе бойынша мәжіліске  сұрау салып, парламент оларды қолдаған екен. Толығырақ "Мінбердегі" сұхбаттан біле аласыз.

Өзгелердің жаңалығы