Биыл АҚШ-та 6 млн бала коронавирус жұқтырған

19 Шілде 2022, 23:23
990
Бөлісу:
Биыл АҚШ-та 6 млн бала коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық педиатрия академиясы мен Балалар ауруханасы қоғамдастығы жасаған соңғы есепке сәйкес, биыл АҚШ-та 6 млн-нан астам бала коронавирус жұқтырған. 

Бұл туралы News CN хабарлады. 

Соңғы төрт аптаның ішінде ғана 287 мың жағдай тіркелген. Америкада COVID-19-ға шалдыққан балалар саны бір жылғымен салыстырғанда әлдеқайда көп дейді мамандар. 

Осыған байланысты вирустың жаңа нұсқасымен байланысты аурудың ауырлығын бағалау үшін жас ерекшеліктері туралы деректер жинақталуда. Сондай-ақ балалар мен жастардың физикалық және психикалық денсаулығына індеттің ықпалы зерттеліп жатыр. 

Пандемия басталғалы бері Құрама штаттарда 13,9 млн-нан астам бала коронавируспен ауырған.Елдің денсаулық сақтау министрлігі таратқан деректерге сәйкес, бес жасқа толмаған 30 мыңнан астам америкалық бала аталған вируспен ауруханаға жатқызылып, 500-ден аса өлім тіркелген. 

Өзгелердің жаңалығы