Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысындағы автожолдарды орташа жөндеу жұмыстары 10 учаскеге бөлінген. Жалпы ұзындығы 148 шақырым автожолда 2 жол өтпесі, 2 су өткізгіш құбыр және 2 бағдаршам орнатылады. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде тегістеуші қабатты төсеу, су өткізгіш құбырларды орнату, жол жиегін бекіту мен жол таңбаларын салу бойынша қарқынды жұмыстар бірнеше учаскелерде жүргізіліп жатыр:
«Көкшетау – Атбасар» 102-158 км;
«Көкшетау-Рузаевка» 20-40 км;
«Макинск-Ақсу-Торғай» 0,95-22,95 км;
«Макинск-Ақсу-Торғай» 203,8-214, 220-220,8 км;
«Нұр-Сұлтан- Ерейментау-Шидерті» 130-162 км;
«Нұр-Сұлтан қаласы айналып өтпе жолы» 9-22,9 км;
«Нұр-Сұлтан – Петропавловск-Бурабай» 10-21 км;
«Нұр-Сұлтан қаласы айналып өтпе жолы» 46,2-52 км;
«М-36 «(Екатеринбург) - Алматы» 1232-1246 км.
«Жоспар бойынша, осы маусымда жолшылар «Көкшетау қаласының айналып өтпе жолының» 15 шақырымы мен «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 9 шақырымында орналасқан 2 жол өтпесін жөндейді. Нысанда өтпелі плиталар, тосқауыл қоршаулар, деформациялық жіктер ауыстырылып, жол өтпесімен түйісетін жол жабынындағы ақаулар жойылады. Қазіргі таңда жол өтпесін орташа жөндеу жұмыстарының 60%-ы аяқталған», - деді компанияның баспасөз қызметі.
Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы барлық жөндеу жұмыстары толық және уақытылы жүзеге асырылуда.