Биыл Алматыдағы Сайран көліне су толтырылмайды

Бөлісу:
Биыл Алматыдағы Сайран көліне су толтырылмайды

Бұл туралы ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Сейілбек Нұрымбетов БАҚ өкілдерінің «Алматыдағы Сайран көліне қатысты тұрғындар тарапынан түсіп жатқан шағым көп. Экологтардың мәлімдеуінше, Сайран көлі шаһардың климатына оң әсер еткен. Көлді бұрынғыдай неге суға толтырмасқа? Мұндай мәселені неге тұрғындармен ақылдасып шешпейді?, деген сауалына жауап берді.

Алматы қаласындағы көл жергілікті атқарушы органдардың құзырына кіреді. Қоғамдық тыңдау өткізіліп, соған байланысты нақты шешім айтылса, біз бұған құлақ асамыз. Дегенмен, Алматы қаласы экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы көлге іргелес аумақта абаттандыру жұмыстары басталатындықтан, су толтырылмайтынын атап өткен еді, – дейді ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов.

Еске салайық, бүгінде Алматы және Жетісу облыстары бойынша су шаруашылығындағы жағдай тұрақты. Осы облыстардағы барлық су қоймалары вегетациялық кезеңге бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы