Биыл Алматыда курьерлер 260-тан астам жол-көлік оқиғасына себепші болған

13 Желтоқсан 2021, 12:25
1319
Бөлісу:
Биыл Алматыда курьерлер 260-тан астам жол-көлік оқиғасына себепші болған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы жергілікті полиция қызметінің өкілі Серік  Байғожа айтты.

Бүгін Алматыда полиция өкілдері курьерлік қызметке жаңадан жұмысқа тұрып жатқан азаматтарға жол қауіпсіздігін түсіндіріп, курьерлер жол бойында қандай қателіктер жасайтыны туралы баяндады.

Қазір қалада адам саны өсіп келеді, соған сәйкес жол қозғалысы да күрделене түсті. Соңғы кезде велосипед,  мопед, мотоциклмен жүретін курьерлік қызмет пайда болды. Тамақ, басқа да заттарды уақытында апаруды ойлайтын қызмет өкілдері жол қозғалысын жиі бұзатын болды. Биыл осы курьерлердің қатысуымен 268 жол оқиғасы болды, оның ішінде бес курьер қаза тапты, - деді Серік Байғожа.

Сонымен қатар ол мопед, велосипед, мотоциклмен жүретіндер міндетті түрде  қорғаныс бас киімін киюі қажеттігін жеткізді.

Курьерлік қызмет тарапынан ереже бұзу жиі болады, мұны бір тәртіпке келтіретін уақыт жетті. Көптеген курьер жолда жаяу жүргіншіге жол бермейді, кейде қағып кетсе оқиға орнынан бой жасырады. Сол үшін мекемелерге бірнеше ұсыныспен шықтық, оның бірі курьерді жұмысқа алғанда жол ережесі туралы тест алу, одан кейін курьерге берілген сөмкеге арнайы нөмір тағайындау, яғни көлікке бергендей. Бұл ережені бұзған курьерді анықтау үшін қажет, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы