Биыл Алматы облысының білім саласына қанша қаражат бөлінгені белгілі болды

8 Ақпан 2022, 16:11
2763
Бөлісу:
Биыл Алматы облысының білім саласына қанша қаражат бөлінгені белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жаңыл Сүлейменова «Jetisý Media» ақпарат алаңында өткен брифингте өңірдегі білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

Оның айтуынша, жыл өткен сайын облыстағы Білім саласына үлкен көңіл бөлініп, қаржыландыру көлемі де арта түскен. Мәселен, биыл Білім саласына 407,7 млрд теңге бөлінген, ал 2021 жылы 363,6 млрд, 2020 жылы 316,3 млрд теңе көлемінде болған. 

Бөлінген қаражаттың 1,3 млрд теңгесі негізгі қорлар үшін, компьютер техникасын алуға -  207,2 млн теңге, оқулықтар алуға – 3,9 млрд теңге, пәндік кабинеттерге – 2 млрд теңге жұмсалады. Сонымен қатар мұғалімдердің жалақысы әр жыл сайын 25 пайызға өсіп отыр, арнайы санат бойынша төленетін төлемақы да артып отыр,-деді ол. 

Сонымен қатар ол сапалы білімге қол жеткізу үшін алдымен  оқушыларға жағдай жасап, мектептегі орын тапшылығын шешу қажет деген ойын айтты.

Өңірде апатты мектептердің мәселесі толықтай шешілді. 2021 жылыдң 1 қыркүйегінде Панфилов ауданы Аққұдық ауылындағы апатты мектептің орнына 120 орынды жаңа мекетп пайдалануға берілді. Оған қоса 2021 жылы Іле, Қарасай, Талғар, Панфилов, Ескелді аудандарында 8 мемлекеттік және 7 жеке меншік мектеп пайдалануға берілді. Соның арқасында Іле, Қарасай және Талғар аудандарындағы үш кезекті білім беру мектептерінің мәселесі шешілді. Биыл Қарасай ауданындағы Үштерек ауылында 600 орынды спорт мектебі пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, - деді Сүлейменова.

2022 жылы өңірде 38 білім нысанының құрылысы басталады деп жоспарланған, оған 21,599 млрд теңге бөлініпті. 2021 жылы 18 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 8,3 млрд теңге бөлінген. Биыл тағы 20 білім ошағын күрделі жөндеуден өткізуге 10,8 млрд теңге бөлінген. 

Біздің облыста 1392 мектепке дейінгі білім мекемесі бар, оның 189-ы мемлекеттік, 897-сі жеке меншік, 306-сы шағын орталықтар. Олар 109 125 баланы қамтып отыр, оның ішінде 95 278-і 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар.  2021 жылы 19 370 орынды 207 мектепке дейінгі мекеме ашылды. Оның 202-сі жеке меншік, 5-уі мемлекеттік балабақшалар, - дейді басқарма басшысы. 
 

Өзгелердің жаңалығы