Биыл 98 мектепті қайта құру жоспарланып отыр – Ғани Бейсембаев

4 Мамыр 2022, 18:04
2386
Бөлісу:
Биыл 98 мектепті қайта құру жоспарланып отыр – Ғани Бейсембаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Білім және ғылым вице-министрі Ғани Бейсембаев мектептерді мемлекеттік мекеме нысанынан шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын нысанына қайта ұйымдастыру мәселелерін түсіндірді.

Бүгінде  2021 жылғы есеп бойынша 40 мектеп қайта құрылды. Оның 25-і Нұр-Сұлтан қаласында, 15-і Шымкент қаласында орналасқан. Биыл 98 мектепті қайта құру жоспарланып отыр. Олар: Ақтөбе – 12, Алматы – 18, Атырау – 5, БҚО – 9, ШҚО – 2, Қарағанды – 5, Қызылорда – 5, Маңғыстау – 5, Түркістан – 15, Нұр-Сұлтан – 13, Алматы – 9 мектепті көшіру жоспарланып отыр, - деді ол.

Ғани Бейсембаев айтуынша, Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының мектептерін биыл қайта ұйымдастыру жоспарланбаған.

Бұл белгілі бір мектептердің құжаттарын біріздендіру бағытында қиындықтар туындағандықтан осы мәселені келесі жылы қолға алып, оң шешімін табады деп үміттенеміз. Қайта құру алгоритмі нақтыланды, - деді ол аппарат отырысында.

Ол атап өткендей, орта білім беру ұйымдары ауысу кезінде бірқатар артықшылыққа ие болады. Атап айтқанда, еңбекақы төлеудің дербес жүйесі қалыптасады, мектеп қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктері артады, қызметкерлер штатын дербес белгілеуге мүмкіндік туады, екінші деңгейдегі банктерде шот ашу мүмкіндігі пайда болады, шотта қаражат жинау және оларды болашақта пайдалануға мемлекеттік мекемелер үшін қолданылатын салық жеңілдіктері сақталады.

Өзгелердің жаңалығы