Биыл 68 мың адам газға қол жеткізеді – Мамин

12 Ақпан 2021, 11:51
1579
Бөлісу:
Биыл 68 мың адам газға қол жеткізеді – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.

Шағын және моноқалаларды қоса алғанда, қалаларда жайлы және қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылады. 2023 жылға қарай үлескерлік құрылыстың барлық проблемалық тұрғын үйлерінің құрылысы аяқталады, - деді ол. 

Мамин атағандай, 2025 жылға қарай барлық республикалық жолдар қайта жаңғыртылып, жол бойындағы сервиспен қамтамасыз етіледі. 

Биыл 2,2 мың шақырым автожол жаңғыртылады және республикалық жолдардың 66%-ы жол бойындағы сервиспен қамтамасыз етіледі. Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар 5G жоғары жылдаықтағы интернетті қосу бойынша пилоттық жоба іске қосылады, - деді Мамин. 
Сондай-ақ Премьер-министр Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында 350 мыңнан астам адам газға қол жеткізе алатынын айтты.

2021 жылы 68 мың адам жыл сайын қамтуды нысаналы көрсеткішке дейін кеңейте отырып, газға қол жеткізе алады, - деді ол. 

Айта кетейік, Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасы талқыланып жатыр.


Өзгелердің жаңалығы