Биыл 2,9 млн бала жазғы демалыс және сауықтыру түрлерімен қамтылады

8 Сәуір 2024, 13:29
441
Бөлісу:
Биыл  2,9 млн бала жазғы демалыс және сауықтыру түрлерімен қамтылады
Фото: Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы

Биыл жазғы демалыс кезінде 1-10 сынып аралығындағы 2,9 млн қазақстандық оқушыға сауықтыру, демалыс және еңбекпен қамтудың түрлі шаралары көзделген, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағаруту министрлігіне сілтеме жасап.

Бағдарламада еңбек және шығармашылық жұмыстар, туризм, зияткерлік сабақтармен қатар, халықаралық шараларға қатысу қамтылған.

Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз және жан-жақты ұйымдастыру үшін Министрлік 8 мемлекеттік органмен бірге 2024-2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті. Жұмысты үйлестіру үшін республикалық ведомствоаралық штаб құрылды, өткен жылғы жазғы демалыс кампаниясының нәтижелері талданып, іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Сондай-ақ мұғалімдерге, балаларға және олардың ата-аналарына арналған бағдарламалар, ережелер, күнтізбелік жоспарлар және нұсқаулар қамтылған әдістемелік ұсынымдар дайындалды. Балаларға арналған нысандарды қабылдау және лагерь қызметкерлеріне нұсқау жүргізу кестелері жасалды, - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Стэлла Ибраева.

Айта кетейік, биыл төрт сауықтыру орталығының құрылысын аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда 210 балалар сауықтыру орталықтарының алдын-ала тізімі жасалып, денсаулық сақтау және ТЖ бойынша аумақтық қадағалаушы органдарға өтінімдер жолданды.

Өзгелердің жаңалығы