Биыл 28 вокзал жөндеуден өтеді

17 Қаңтар 2024, 19:32
495
Бөлісу:
Биыл 28 вокзал жөндеуден өтеді
Фото: Қазақстан темір жолы

Биыл 28 вокзалға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Инженерлік жүйелерге, кіру топтарына, шатырды, жолаушылар платформаларын және т. б. жерлерге жөндеу жұмыстары жүргізілу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ, Астана теміржол вокзалына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу жоспарлануда. Күрделі жөндеу кезеңінде вокзал  аймақтарына кіруді шектей отырып, үздіксіз жұмыс істейтін болады. Объектіні пайдалануға беру мерзімі мердігер ұйыммен құрылыс-монтаждау жұмыстарына шарт жасасқаннан кейін айқындалатын болады.

Ауқымды жаңарту шеңберіне шатырды, қасбетті, вокзалдың ішкі үй-жайларын, жолаушылар платформалары мен олардағы құрылыстарды жөндеу жұмыстары кіреді. Қолданыстағы дауыс зорайтқыш байланыс жүйелері, бейнебақылау, өрт-күзет дабылы және құлақтандыру құрылғылары жаңғыртылатын болады. Инженерлік жүйелерді ауыстыру, вокзалдың іргелес аумағын абаттандыру көзделген. Жөндеу жұмыстарын орындау кезінде халықтың барлық топтары үшін қолайлы және кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады, - делінген "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы