Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында айтты.
2021 жылдың наурыз айының соңына дейін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына мемлекеттік және «Атамекен» ҰКП қатысуымен микроқаржы ұйымдарын құру бөлімінде өзгерістер енгізетін және соңғы қарыз алушыға 6 пайыздан аспайтын сыйақы мөлшерімен несие берілетін болады. Қазір ол мемлекеттік атқарушы органдармен келісіліп жатыр, - деді ол.
Шәпкенов атағандай, министрлік жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі жаңа тетіктерді қарастыра отырып, 2022-2026 жылдарға арналған «Еңбек» ұлттық жобасы іске қосылады.
Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу, жұмыссыздарды жұмыспен қамту, шағын несиелендіру толығымен қайта қаралып, жаңа тәсілдер әзірленді. Биыл 27 мың жұмыс орнын құра отырып, 331 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның 40 пайызы тұрақты жұмыс болады, - деді министр.
Сондай-ақ, министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан Мемлекет басшысының тапсырмалары сапалы әрі уақытылы орындалатынын айтты.