Биыл 25 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өтеді

6 Тамыз 2021, 13:03
4000
Бөлісу:
Биыл 25 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев айтты.

Биыл министрлік 25 жер қойнауы учаскесі бойынша тағы бір аукцион өткізуді жоспарлап отыр. 2021 жылдың 25 келісімшартқа қол қойылды. Оның ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын пайдалану мен өндіруге көшу бар. 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша барлығы көмірсутектер бойынша 276 келісімшарт жасалды, - деді ол.

Қарағаев айтқандай, екі аукцион өткізудің нәтижесінде «Жер қойнауын пайдалану» туралы заңға өзгерістер енгізу қажеттігі туындады.

Қол қою бонусының бастапқы мөлшерлерінен кем емес мөлшеріне аукционға кепілдік жарнасын енгізу. Аукцион жеңімпазы бонустың түпкілікті мөлшерін енгізбегенде, екінші қатысушыны жеңімпаз деп тану. Жылына екі рет аукцион өткізу мәселесін пысықтауды қарастыру қажет. Бүгінгі таңда Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылар енетін жұмыс тобын құрды, - деді Жұмабай Қарағаев.

Ол атағандай, заңға сәйкес тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектер өндіру саласында ұлттық компания «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға жер қойнауын пайдалану құқығы беріледі.

Өзгелердің жаңалығы