Биыл 2 мыңнан астам жеңіл көлік экспортталды

27 Шілде 2020, 12:51
1064
Бөлісу:
Биыл 2 мыңнан астам жеңіл көлік экспортталды

Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың 6 айында Қазақстанда көлік құралдарының барлық түрінің 32 701 бірлігі өндірілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-маусым  айларымен салыстырғанда 58,6% - ға артық, сол кезде шығарылым 20 608 бірлікті құраған болатын, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы сарапшыларының мәліметінше, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 19 млрд теңгеге 2 475 жеңіл және коммерциялық автокөлік экспортталды., ал 2019 жылдың ұқсас кезеңінде барлығы 2,2 млрд теңге сомасына 607 автомобиль экспортқа жіберілді, - делінген хабарламада. 

2020 жылы автокөлік экспорты келесі елдерге келді:

-Өзбекстан Республикасы – 16,0 млрд теңге сомасына 1804 автокөлік;

-Ресей Федерациясы - 2,7 млрд теңге сомасына 618 автокөлік;

- Қырғыз Республикасы - 163 млн теңге сомасына 48 автокөлік;

-Беларусь Республикасы - 32 млн теңге сомасына 5 автокөлік.
Өзгелердің жаңалығы