Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Халық тарапынан да арызданушылар өте көп. Биыл 19 мың өтінім сатып алушыларға кассалық чектің берілмеуіне қатысты келіп түсті. Мұндай проблема да бар. Пандемия кезінде бұқаралық тексерулер жүргізілмейді. Біз барынша цифрлық тетіктерді сараптама жүргізу үшін қолданамыз. Оның нәтижесі бойынша әлеуетті құқықбұзушыларға электрондық ескерту жолдаймыз. Салық төлеушілер салық міндеттемелерін дербес жүзеге асыруы керек. Біз жұмысты осылай реттемекпіз, - деді Іңкәрбаев.
Осыған дейін Іңкәрбаев цифрлық сауаттылықты әкімшілендіруде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін енгізу тиімдірек болып есептелетінін айтқан еді.
Онда тауарларға құжаттамалық қадағаулар жүргізіледі. Жалған шот-фактураларға жол бермеу бойынша жүйелік іс-әрекеттер қолданылады, - деген еді ол.