Биыл 150-ге жуық қазақстандық суға батып кеткен

31 Шілде 2023, 16:49
725
Бөлісу:
Биыл 150-ге жуық қазақстандық суға батып кеткен
Фото: BAQ.KZ - Архив

Биыл 150-ге жуық қазақстандық суға батып көз жұмған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасының орынбасары генерал-майор Ұларбек Абыкеев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жыл басынан бері жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, еліміздің су айдындарында 144 адам суға батып кетті. Оның ішінде 40 адам – кәмелетке толмағандар. Бұл оқиғалар Алматы, Ақмола, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында Астана қаласында тіркелді. Шомылу маусымы басталғаннан бері, яғни 1 маусымнан бастап 117 адам, оның ішінде 34 кәмелеттік жасқа толмаған бала суға батып, қайтыс болды, - деп атап өтті комитет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар ол 161 адамды ажалдан арашалауға мүмкіндік болды деп отыр.

Оның ішінде 56 кәмелеттік жасқа толмаған бала құтқарылды, - деп нақтылады Ұларбек Абыкеев.

Өзгелердің жаңалығы