Бітімгерлер, әскерге шақыру және сарбаздар өлімі: Қарулы күштердегі жағдай қандай

19 Қаңтар 2024, 18:58
1233
Бөлісу:
Бітімгерлер, әскерге шақыру және сарбаздар өлімі: Қарулы күштердегі жағдай қандай
Фото: BAQ.KZ

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда Қазақстанның БҰҰ миссияларына қатысу үшін 430 адамнан аспайтын әскерін жіберетіні мақұлданды. Осы орайда BAQ.KZ тілшісі еліміздің Қарулы күштеріндегі жағдайға тоқталып, өткені мен болашығын шолып көрді.

БҰҰ аясындағы бітімгерлік 

БҰҰ шақыруына сәйкес 2024 жылғы наурыздан бастап "БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері" миссиясына өзінің әскери техникасы, қару-жарағы және резерв ротасы ретінде мүлкі бар 139 әскери қызметші санындағы Қазақстанның алғашқы дербес ұлттық бітімгершілік контингентін орналастыру жоспарланған.

Контингент құрамында әскери ер азаматтармен бірге әйелдер де болады. Әйелдер ішінде 2 атқыш-санитар, 1 мерген, 2 аспазшы және 2 медициналық қызметші бар.

Жалпы БҰҰ-ның бірнеше миссиясына қатысу үшін Қарулы Күштердің сапынан 430 адамнан аспайтын әскери қызметші жіберіледі. Олар "БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау күштері", "БҰҰ-ның бітімгершілік шарттарының орындалуын бақылау органы" (UNTSO, Палестина-Израиль), "БҰҰ-ның Оңтүстік Судан Республикасындағы миссиясы" (UNMISS, Оңтүстік Судан) және "БҰҰ-ның уақытша қауіпсіздік және Абье күштері" (UNISFA, Судан) қарамағында қызмет етеді.

Бітімгерлер, әскерге шақыру және сарбаздар өлімі: Қарулы күштердегі жағдай қандай

Әскери қызметшілерді даярлау Алматыда орналасқан ҚР Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік операциялар орталығында жүзеге асырылады. Орталық базасында әскери қызметшілер бітімгершілік дайындық бойынша қарқынды курстан өтеді. Болашақ бітімгерлер ағылшын тілін, далалық медицинаны, радиобайланысты, шахталар, қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар мен жарылмаған снарядтар туралы білімді, күш қолдану ережелерін, сондай ― ақ халықаралық және гуманитарлық құқық нормаларын қарқынды меңгеруде, - деді Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.

2023 жылы не болды? 

2023 жылы әскер қатарын 37 мыңнан астам азамат толықтырды. Шақыру шаралары екі кезеңде: көктем мен күз айларында ұйымдастырылды. Әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенінің арқасында бұл науқандар мерзімінен бұрын аяқталды.

37 мың әскерге шақырылушының 16 мыңнан астамы Қарулы күштерге жіберілді. Қалған 21 мың азамат Ұлттық ұланның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерін толықтырды.

Бітімгерлер, әскерге шақыру және сарбаздар өлімі: Қарулы күштердегі жағдай қандай

Сарбаздарға арналған жеңілдіктер

Қорғаныс министрлігінің мүдделі мемлекеттік органдар қолдаған әлеуметтік бастамаларының қатарында кредиттік демалыстар, мерзімді әскери қызметін өткергендерге білім алу жеңілдіктерін беру және сарбаздарды жұмысшы мамандықтарына оқыту секілді маңызды мәселелер бар.

Қазіргі таңда 4 мыңнан астам сарбаздың 1,5 млрд теңге сомасындағы несиелері кейінге қалдырылды. Өткен жылы мерзімді қызметін өтеген 615 адам ҰБТ тапсырмай, азаматтық және әскери жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Оқу орталықтарында экономиканың нақты секторында сұранысқа ие 15 әскери-есептік мамандық бойынша 1195 әскери қызметші дайындалды.

Бұдан өзге де жеңілдіктер баршылық. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері мемлекет есебінен заттай мүлікпен, тамақпен және ай сайынғы ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар қызмет көрсету кезеңінде мерзімді сарбаздар медициналық қызметтің толық спектрін алуға құқылы. Жалпы әскери жарғыларда айқындалған тәртіппен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге көтермелеу ретінде қысқа мерзімді демалыс беріліп, жол шығындары мемлекет есебінен төленеді.

Бітімгерлер, әскерге шақыру және сарбаздар өлімі: Қарулы күштердегі жағдай қандай

Әскери қызмет мерзімі өткеннен кейін немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан босатылған кезде олар бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын алады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі жәрдемақымен қамтамасыз етіледі.

Техникалық, кәсіптік, жоғары білімі бар әскери қызметшілер 6 ай қызмет өткергеннен кейін келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге құқылы. Өткен жылы бұл мүмкіндікті 852 сарбаз иеленді. Бұл ретте оқуға түсу жылы 24 жасқа толмаса, олар жалпы орта білім базасында жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына қабылдануы мүмкін.

Жергілікті әскери басқару органдарын цифрлық трансформациялау шеңберінде 17 жастағы жастарды проактивті форматта әскери есепке алу ұйымдастырылғанын айта кету керек. Бұл өз кезегінде бір миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Қызметті автоматтандыру сонымен қатар шақыру учаскесінен тіркелу туралы куәліктерді алу қажеттілігін жояды. Алдын ала мәліметтер бойынша 2024 жылы 170 мыңнан астам адам тіркелуге жатады.

Бітімгерлер, әскерге шақыру және сарбаздар өлімі: Қарулы күштердегі жағдай қандай

2024 жылы не болады? 

Қорғаныс министрінің "2024 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы" бұйрығының жобасы әзірленді. Бұйрыққа сәйкес 2024 жылы 3 мың әскери міндеттіні әскери жиындарға шақыру жоспарланып отыр.

Әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны, қылмыс жасағаны, сондай-ақ мемлекетке материалдық залал келтіргені үшін әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер елдің заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Әскери міндеттілер әскери жиындардан жалтарған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салынады.

30 күндік әскери жиындар 2007 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Жиын кезінде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады. Оларға орташа жалақы, ал жұмыссыздарға мемлекет есебінен ең төменгі жалақы төленеді.

Әскери міндеттілер Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен теміржол немесе автомобиль көлігімен, тамақпен қамтылады.

Бұдан бөлек әскери жиындарға шақырылған барлық әскери міндетті заттай мүлікпен және әскери қызметшілермен тең дәрежеде медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.

Жиынға шақырылған барлық әскери міндеттілер казармалық жағдайда болады. Оларды бөлімнің орналасқан жерінен сейілге шығуын рота командирлері ішкі қызмет жарғысында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

Бітімгерлер, әскерге шақыру және сарбаздар өлімі: Қарулы күштердегі жағдай қандай

Сарбаздар өлімі 

Қазақстанда әскер қатарына аттанып, қайғылы жағдаймен оралып жатқан сарбаздар саны азаяр емес. Мәселен соңғы 3 жылда 270 әскери қызметші қаза болса, былтыр 10 сарбаз әскер қатарында көз жұмды. Осындай жағдайға қатысты Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов пікір білдірді.

Біз әскер қоғамның бөлшегі екенін бірнеше рет айттық. Қоғамда не болып жатса ол әскерде де бар. Жасөспірімдердің өліміне жол берілмейді, бұған біз де келісеміз. Өкінішке қарай, мұндай факт бар. Қорғаныс министрлігі арнайы сараптама жасады. Көбіне өлім денсаулық жағдайына байланысты болады. Екіншіден, ол жол-көлік оқиғалары. Әрине әскерилердің өзара қақтығысы да болады, біз мұны жоққа шығармаймыз. Оларға қызметтік тексеріс жүргізіледі. Кінәлелер әкімшлік жауапкершілікке тартылады, - деді Сұлтан Қамалетдинов.

Ер есімі – ел есінде

25 мамырда Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толады.

Осы күнге орай батырдың туған жері Ақкөл қаласында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы алаңға Қорғаныс министрлігі ескерткіш орнатады. Ақмола облысының әкімдігі алаңды абаттандырады. Еліміздің бас қаласында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы көшеге ескерткіш дайындау және оны орнату жұмыстарын елорда әкімдігі ұйымдастырады.

Құрлық әскерлерінің әскери институтында курсанттардың өмірінен сыр шертетін «Әскери ант» телехикаясының түсірілімі аяқталды. Онда Отан алдындағы борыш, ар-намыс, жауапкершілік және сүйіспеншілік тақырыбы ашылады. Отандық телеарна экранында 2024 жылдың 7 мамырында оның тұсаукесері өтеді, – деді Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев.

Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің өмірі мен қызметі туралы деректі-өмірбаяндық фильмді республикалық телеарналарда көрсету жоспарланып отыр.

Бітімгерлер, әскерге шақыру және сарбаздар өлімі: Қарулы күштердегі жағдай қандай

ҚР Қарулы Күштері ардагерлерінің баспа басылымдарына сұхбаттары, очерктері мен естеліктері жарияланып, телесюжеттер мен деректі фильмдер теледидардан көрсетіледі және әлеуметтік желілерге шығару үшін видеороликтер дайындалып жатыр.

Биыл маусым айында Алматыда Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығында армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді. Оған қатысуға ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің, сондай-ақ Әзербайжан мен Өзбекстанның командалары шақырылды.

Қазақстанның он қаласында ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі "Халық жүрегіндегі қаһарман" атты көшпелі көрмелер өткізеді. Іс-шаралар биылғы жылдың 17 қаңтарында Алматыдағы Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік музейінде басталады.

1924 жылы 19 қазанда туған Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың жүз жылдығын мерекелеу бойынша бірқатар ауқымды іс-шаралар жоспарланған. Барлық гарнизондарда әскери қызметшілердің, Қарулы күштер ардагерлерінің, әскери-патриоттық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кездесулер, дөңгелек үстелдер, акциялар, челлендждер өтеді – деді Тілеухан Басқожаев.

Өзгелердің жаңалығы