Бітетін құрылыс па, бітпейтін құрылыс па? – Жаңбыршин елордадағы жылу орталығы туралы

5 Маусым 2024, 12:12
368
Бөлісу:
Бітетін құрылыс па, бітпейтін құрылыс па? – Жаңбыршин елордадағы жылу орталығы туралы
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен елордадағы жылу электр орталығының құрылысына қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордада "сақалды" болған құрылыс бар. Ол - үшінші жылу электр орталығы. Оның жобалау-сметалық құжаттамасына бірнеше рет түзету енгізілді. Ол бірнеше рет қымбаттады. Былтыр Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова осы құжаттың 40%-ға қымбаттағанын айтқан болатын. Енді бұл құрылыс (ЖЭО-3 – авт.) 2013 жылдан бері салынып келе жатыр. Ол жылы туған бала мүшел жасқа толды, - деді ол.

Жаңбыршин ал біз әлі күнге дейін маңызды әлеуметтік-өндіріс нысанын сала алмай келе жатқанымызды еске салды..

Мендегі мәлімет бойынша, республикалық бюджеттен осы жобаға 116 млрд теңге қаржы бөлінген. Енді сұрақ туындайды: бұл құрылыс қашан бітеді? Оның екінші кезекте аяқталуына қанша қаражат қарастырып отырсыздар? Бұл бітетін құрылыс па, бітпейтін құрылыс па? – деп сұрады Еділ Жаңбыршин.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев депутаттық сұрағына былай деп жауап берді.

Жобалық құжаттамаға сәйкес, станция құрылысының жалпы құны 146 млрд теңге. Оның 141 млрд теңгесі республикалық бюджеттен. Бүгінгі таңда 116 млрд теңге бөлінді. Бұл ақшаға 4 қазандық пен бір бу трубинасының құрылысы аяқталды. Биылғы жылыту маусымында станция толық қуатта жұмыс істеді. Біз құрылысты толық аяқтауды 2026 жылға жоспарлап отырмыз, - деп жауап берді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы